Жөндеу жұмыстары біраз уақытқа созылған республикалық жолдар қашан толық пайдалануға берілетіні айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандағы автожолдардың жалпы ұзындығы - 95 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады. Үкімет мәліметінше, жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымда жүргізіліп жатыр. Оның қатарында халық ұзақ жылдан бері күтіп жүрген, сан мың адам опат болған жолдар да бар.
Бүгінде шамамен 2 мың шақырым болатын төрт автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар:
"Бұл жолдардың кейбір учаскелері жаздың ортасынан бастап пайдалануға беріле бастады және барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Атырау-Астрахань тасжолы қашан пайдалануға берілетіні хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!