- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Республикалық бюджет кірістерінің...
Республикалық бюджет кірістерінің азаюына не себеп - Қаржы министрлігі жауап берді
Қаржы министрінің пайымдауынша, Қазақстан экономикасына әсер еткен факторлар: геосаяси тұрақсыздық, логистикалық проблемалар, металдың әлемдік бағасының қымбаттауы,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Республикалық бюджет түсімдерінің төмендеуіне мына факторлар әсер еткен: металдар бағасының төмендеуі және үшінші елдермен импорттың төмендеуі. Геосаяси жағдайға байланысты өндіру, жеткізу көлемдерінің қысқаруы және логистикалық шығындардың ұлғаюының есебінен бірқатар ірі кәсіпорындар бойынша республикалық бюджетке салық түсімдері төмендеді», - деп атап өтті Қаржы министрі.
Министрліктің ресми сауалымызға берген жауабына сүйенсек, 2024 жылғы 8 айда 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке салық түсімдері бойынша ең көп төмендеуі мына салаларда байқалады:
• 47,1% – кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында
• 37,6% – ақпарат пен байланыс бойынша және т.б.
• 34,6% – өңдеу өнеркәсібі бойынша
• 7,9% – тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында
«Биылғы жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 88,2%-ға орындалды, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 1,4%-ға немесе 166,9 млрд теңгеге өсті. Оның ішінде республикалық бюджет 75,5%-ға орындалды, жоспардың орындалмауы 2 378,3 млрд теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 9,7%-ға немесе 785,9 млрд теңгеге төмендеді», – делінген ведомвства жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің қаржы комитетінің Төрағасы Татьяна Савальева республикалық бюджеттегі кірістің азаюын соңғы жылдары салық түсімінің - өңірлік бюджеттерге берілуімен байланысты деген болатын. Сондай-ақ жаңа салық кодексі 2025 жылға дейін шегерілді. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжіліс қарауында. Жаңа Салық кодексі бизнес үшін салық жүктемесін азайтуға және экономиканы дамытуға ықпал етпек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет