- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Республика күніне орай...
Республика күніне орай жалауша мен отандық шоколадтар сыйға тартылды
Батыс Қазақстан облысының жастары Республика күні қарсаңында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ерекше акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еріктілер қала орталығындағы ірі сауда орнында болып, тұтынушылар мен сатушыларға сыйлық таратты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Осы Қазақстан туы бейнеленген шоколадты өзге елдің азаматтарына немесе өзге елде жүрген қазақстандықтарға берсең, қатты қуанады. 25 қазан - бізде Республика күні. Соның қарсаңында біздер өзіміздің елдегі адамдардың реакциясын көргіміз келді", - дейді жайдарманшы Самат Қабдиев.
Тұрғындар жастардың бұл бастамасына риза болып, жылы лебізін білдірді. Мұндай акция облыс орталығында ғана емес, аудандарында да жалғасын тауып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы