- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ресми қайырымдылық қоры"...
"Ресми қайырымдылық қоры" қазақстандықтарға өтемақы төлейтіні рас па?
Әлеуметтік желілерде тараған тағы бір хабарламада Қазақстанның ресми қайырымдылық қоры (РҚҚ) атынан әлеуметтік төлем төленетіні айтылған. Хабарламада еліміздің барлық тұрғыны ірі ақшалай өтемақы ала алатыны жазылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ел аумағында жұмыс істейтін қорлардың тізімі Egov.kz электрон үкімет порталында жарияланған. Оған сәйкес, Қазақстанда "Ресми қайырымдылық қоры" (РҚҚ) деген атаумен тіркелген ұйым жоқ.
Хабарландыруда көрсетілген сайтқа кіргенде "Яндекс" іздеу жүйесінде "Сайт қауіпті болуы мүмкін" деген ескерту шығады.
Іздеу жүйесінің мәліметі бойынша, "бұл сайт келушілердің құпия деректерін (парольдер, банк карталарының нөмірлері және т.б.) білу үшін танымал қызмет немесе танымал ұйымның сайты ретінде ашылады".
Егер пайдаланушы ескертуді елемей, сілтемеге өтсе, жаңа терезе шығады. Онда оған төленетін сома көрсетіледі және заңгермен байланысу туралы ұсыныс жасалады.
"Сіз осы сайтта жазған ақпарат банктік шотыңыздан ақша алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Оңай ақша табамын деп бейтаныс адамдарға құпия ақпаратты хабарламаңыздар", - дейді Stopfake.kz редакциясы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек