- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресеймен шекаралас ауданда...
Ресеймен шекаралас ауданда 500 мың доллардың есірткісі тәркіленді
Қазақстан мен Ресей есірткі арнасын жою жөніндегі бірлескен операция жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, "Солтүстік бағыт" деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды.
Биыл тамыздағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
Тінту барысында олардан "қара" нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ доллар, 50 келіге жуық гашиш алынды.
Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина