Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстандағы жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көмегімен шетелдіктер қандай қызметтер мен функцияларды алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 цифрдан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі жеке тұлғаға бір рет және өмір бойына беріледі.
"ЖСН шетел азаматына қазақстандық байланыс операторында нөмірді тіркеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, қаржы операцияларын, соның ішінде аударымдарды және банк шоттарын, карталарды ашу мүмкіндігін береді", - деді министрлік өкілдері.
ЖСН шетелдіктерге келесі рәсімдерді орындауға мүмкіндік береді:
"Жалпы, ЖСН еңбек шартын жасасу, қызмет көрсетуге қаражат алу, салық декларациясын тапсыру, банк және басқа да операцияларды орындау үшін қажет. ЖСН алу процесі барлық шетел азаматы үшін бірдей, кез келген шетел азаматы міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжатпен, яғни төлқұжатпен келуі керек", - деп толықтырды министрлік.
Паспортта кирилл немесе латын қарпімен жазылған болмаса, төлқұжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы қажет екені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!