- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейліктердің жұмысқа орналасуына...
Ресейліктердің жұмысқа орналасуына шектеу қойыла ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға келген ресейліктердің жұмысқа орналасуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрден РФ азаматтарын жұмысқа орналастыруға шектеу енгізілуі туралы сұралды. Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ аясында белгілі бір міндеттемелер бар.
"Шартқа сәйкес қазақстандық қызметкерлер Ресейге рұқсатсыз барып, жұмыс істей алады, ресейлік қызметкерлер, жастар да рұқсатсыз келе алады. Бірақ 97-бапта көрсетілгендей, әр елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етсе, онда мемлекет шектеулер қоюға құқылы. Кеше 6508 адам Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдіргенін айттым, бүгін 5300, яғни 1200-ге азайды. Сан күн сайын өзгеретінін айтқым келеді", - деді министр.
Тамара Дүйсенова күтілетін шектен асқан кезде шектеулер енгізу қарастырылып жатқанын атап өтті.
"Мысалы, шетелдік азаматтарды шақырған кезде оларға қазақстандықтардың 97 пайызы және шетелдіктердің 3 пайызы осында жұмыс істеуі керегін айтамыз. Сол сияқты біз де айта аламыз, 99 пайызы - қазақстандықтар және бір пайызы - Еуразия одағының азаматтары. Қазір бізде 8,7 миллион азамат жұмыс істейді, олардың 90 пайызы Ресей азаматтары болса, оларды қабылдау дереу тоқтатылады", - деп түсіндірді Еңбек министрлігінің басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің келуі қазақстандық еңбек нарығына қатты әсер етпейтінін айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова