Канадалық режиссер Дэниэль Роэрдің "Навальный" атты туындысы "Оскардың" "Үздік деректі фильм" сыйлығын жеңіп алды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life басылымына сілтеме жасап.
HBO Max және CNN Films компаниялары үшін түсірілген деректі фильм ресейлік оппозиционер Алексей Навальный туралы. Фильм 2022 жылы 25 қаңтарда Sundance тәуелсіз кино фестивалінде ұсынылған болатын.
Марапаттау рәсіміне Алексей Навальныйдың әйелі Юлия мен балалары Дарья және Захар Навальный келді. Оппозиционердің өзі екі жылдан бері колонияда - сот оны алаяқтық және сотты қорлау туралы қылмыстық іс бойынша қатаң режимдегі колонияда 9 жылға соттаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!