Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есін жоғалтқан.

Оқиға орнына мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері Навальныйдың қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина