- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейлік олигарх санкцияларды...
Ресейлік олигарх санкцияларды айналып өту үшін Қазақстаннан бизнес ұшақ сатып алғаны рас па?
Бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік кәсіпкердің санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Көлік министрлігі мұны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
"Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбағанын нақтылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан