Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы миллиардер телеграм арнасында жазды.
"Жақында мен Орталық Азияның экономикалық орталығы Қазақстанға оралдым. Астана, Алматы, Бурабай және Шарын шатқалдарына бардым.
Қазақстанның сұлулығымен оның амбициясы ғана бәсекелесе алады. Ел бизнеске қолайлы саясатпен және қолайлы салықтармен халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды өзіне тартып отыр. Елде сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім беру мен ғылымдағы жетістіктерін жақсарып отыр", - дейді кәсіпкер.
Павел Дуровтың сөзінше, Telegram мессенджерін 20 миллион қазақстандықтың 12,5 миллионы қолданады. Бұл былтырмен салыстырғанда 25 пайызға көп.
"Біз Қазақстан халқы үшін негізгі коммуникациялық алаң ретінде қызмет ететінімізді мақтан тұтамыз және оның қарқынды экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деп үміттенеміз", - дейді Дуров.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!