- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ресейлік мамандар мұны...
"Ресейлік мамандар мұны тегін жасап жатқан жоқ". Бишімбаев ісі бойынша көпті тәнті еткен сот медициналық сарапшы
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша көпті тәнті еткен сот медициналық сарапшы Тахир Халимназаров "Динамен дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында кезекті сот отырысында ресейлік сарапшылар таныстырған сараптама қорытындысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ресейлік әріптестері жасаған қорытынды өзінің нұсқасына кереғар болатынын күткенін жасырмады.
"Иә, біз жағдайдың мұндай боларын күттік, өйткені бұл біздің тәжірибемізде кездеседі. Олардың жазғанына сүйенсек, қылмыс болмаған. Олар бір айдан астам уақыт ішінде қан ұйып кеткен, содан қайтыс болды деп отыр. Мен олардың жұмысын сараптама деп танымаймын. Ресей мамандарының жазғаны - жәй ғана көзқарас. Біріншіден, бұл кісілердің қорытындысы мемлекеттік мекеменің атынан шығып тұрған жоқ, бұл жәй ғана екі тұлғаның жазғаны. Олар құжатта Ресей медициналық университеті деп жазып қойған, бірақ қорытынды оқу орнының емес, тек өздерінің атынан берілген. Олар мұны тегін жасап жатқан жоқ қой, ең негізгі сәт осы. Олардың мұны нақты қанша теңгеге жасағынан айта алмаймын, бірақ біздің мамандарға төленген сомадан көп деп ойлаймын.
Біздің қазақстандық мамандардың жасаған қорытындысын Ресейдің сотында ешкім қарап, оқымайды ғой, өйткені олар қорытындының басқа мемлекетте жасалғанын біледі. Мұндай қорытынды жасаған шетелдік сарапшылардың жауапкершілігі үлкен болуы керек, ал олар сол жауапкершілікті сезініп отыр деп айта алмаймын. Олар құжатта таныстым деп жазғанымен, ешкім оларды шынымен де жауапқа тарта алмайды. Ол ресейлік сарапшының бірін - Тумановты көргенмін, ол Қазақстанға Абай облысындағы іске келген. Бірақ ол кезде оның жасаған қорытындысын ешкім қабылдамады, оқымады, тіпті мән берген жоқ. Өйткені бұл заңсыз деп танылды", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шаш түскенде қандай анализдер тапсыру керек?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә