Санкциядан қашқан компаниялар Қазақстанға келіп жатыр, - деп хабарлайды Finprom.kz.
"Биыл мамырдың аяғына қарай Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындар саны жыл басынан бері 12,7 пайызға артып, 25 мыңға жетті. Сонымен қатар, ай сайынғы өсімді қарастыратын болсақ, Қазақстанға шетелдік компаниялар ағыны 2022 жылдың наурызында басталғанын байқауға болады", - делінген хабарламада.
Сарапшылар наурызда сектордағы өсім 3,3 пайыз, сәуірде 4 пайыз, мамырда 4 пайыз болғанын айтты.
"Бұл - кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін: 2021 жылы шетелдік компаниялар санының орташа айлық өсу қарқыны небәрі 1,1 пайыз болған", - деп толықтырды басылым.
Статистикаға сәйкес, тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының саны мамырдың аяғына қарай 40,2 мыңға жеткен.
Биылғы қаңтар-мамырда бұл көрсеткіш 2,4 мың компанияға артқан.
"Сонымен қатар, негізгі ағын Ресейден келген ұйымдарға сай келеді, қосымша 1,6 мың. 2022 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша оның саны 13 мыңға жетті. Ресей мен Беларусьтен келген компаниялардың негізгі ағыны санкцияларға байланысты болып отыр. Геосаяси дағдарысқа байланысты динамика мен белгісіз жағдайды ескерсек, ресейлік компаниялар әлі де келеді деп болжауға болады", - деді мамандар.