- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейлік клубпен келісімшарт...
Ресейлік клубпен келісімшарт жасаған футболшы қуылды
Фото:
РИА Новости
Норвегиялық футболшы Матиас Норманн бұдан былай ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетпейді. Оған себеп жартылай қорғаушының мәскеулік "Динамо" командасымен келісімшарт жасауы болды, - деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Норманн осыған дейін "Ростов" сапында өнер көрсеткен болатын. Кейін 2021 жылы ол ағылшындық "Норвич" командасына жалға берілді. Ал маусымда ресейлік командаға қайта оралды.
Норвегия футбол ассоциациясының таратқан ақпараты бойынша, құраманың бас бапкері Столе Сольбаккен футболшының өзіне хабарласып, футболшының "Динамо" сапына ауысып жатқаны үшін ол енді Норвегия сапына шақырту алмайтыны туралы хабарлаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина