- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейлік ғалымдар БҚО-дағы...
Ресейлік ғалымдар БҚО-дағы жыландарды зерттеуге келді
Батыс Қазақстан облысы және Ресей Федерациясының ғалымдары Атырау облысына сарыбас жыландарды жинауға келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pricom.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Карл Линней атындағы Швецияның табиғи тарих мұражайындағылар Атыраудағы бауырмен жорғалаушыларға қызығып отыр екен. Бұл Қазақстанның батысындағы жыландарды зерттеу бойынша герпетологтар мен географтардың бірлескен ғылыми және фармакологиялық жобасы.
"Біз Батыс Қазақстан облысындағы жыландарды белсенді зерттеп жатырмыз. Өңірде жыланның 13 түрі бар. Атырауға Ақтөбеден келдік, одан кейін БҚО аймағында болдық. Бұл Атырау облысына алғаш келуіміз емес. Біз әр дала маусымына дерлік барамыз, өсімдіктер әлемін, жануарлар әлемін, ландшафтты зерттейміз", - дейді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор, Қазақ ұлттық географиялық қоғамының мүшесі Қажымұрат Ахмеденов.
Ол Атырауға әріптесі, Ресейде танымал герпетология маманы, биология ғылымдарының кандидаты Андрей Бакиевпен келген.
Қажымұрат Ахмеденовтің сөзінше, Атырауда жыланның түр-түрін кездестіруге болады. Ғалымдар оның ішінде улы жыландар да барын айтады.
"Көптеген тұрғын жыландарды өлтіріп, олардан қорқып жатады, тіпті түрлі ырым да бар. Зерттеудің мақсаттарының бірі - олар соншалықты қорқынышты емес екенін, жыландарды қорғау керегін көрсету", - деді Ахмеденов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина