- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейлік ерлі-зайыпты қос...
Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды
Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, құқықбұзушылар Алматы әуежайында анықталған. Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары. Ерлі-зайыптыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.
"Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен құқықбұзушыларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару түрінде жауапқа тартылды", - деп атап өтті Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Мадияр Айтуғанов.
Айта кетейік, биыл жыл басынан бері көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 986 азамат жауапкершілікке тартылған. Оның 38-і қос азаматтық үшін жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова