Ресейлік бидайды жалған құжатпен "өз еліміздікі" деп 1 млрд теңгеге сатқан

Ресейлік бидайды жалған құжатпен "өз еліміздікі" деп 1 млрд теңгеге сатқан
Фото: pavlodarnews.kz

Ресейлік бидайды қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісімшарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша Департаменті анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 миллиард теңгеден астам сомаға экспорттаған.

Осылайша, жалпы сомасы 460 миллион теңге болатын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Адал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің мүддесін қорғау мақсатында бидай өткізуге байланысты жалған шот-фактураларды заңсыз беру фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тек соңғы бір жарым жылда Павлодар облысында 5,4 миллиард теңгеден астам сомаға жалған шот-фактураларды бергені үшін 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек