Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Украина президенті Владимир Зеленский Донбасста жағдай қиын екенін мәлімдеді. Massaget.kz тілшісі кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
Ресей бес бағытта алға жылжып жатыр - Украина Қарулы күштерінің Бас штабы
Ресей күштері қайта топтасып жатыр және негізгі күштер Купянский, Лиманский, Бахмут, Авдеевский, Новопавловскийге шабуыл жасауға бағытталған.
Донбасста жағдай ауыр - Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаға жаңа шабуыл жасап жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ең ауыр жағдай Донбасста болып отыр.
Зеленский билік Украина әскерінің майдандағы позициясын күшейтетін, елге халықаралық қолдау, қару-жарақ беретін жаңа шешімдер мен келіссөздер дайындап жатқанын атап өтті.
Украина Израильден жарты миллиард доллар несие сұрайды
Walla мәліметінше, Украина билігі Израильден СІМ басшысы Эли Коэннің сапары қарсаңында 500 миллион доллар несие беруді сұраған.
ЕО 30 мың украиналық сарбазды оқытады - Жозеп Боррель
ЕО сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель Украина премьер-министрі Денис Шмыгальға ЕО елдері 30 мың украиналық сарбазды оқытуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл мәлімдеме Еуропа Одағы шенеуніктерінің Киевке сапары кезінде жасалды және ЕО оқытуды жоспарлаған әскердің санын екі есеге арттырады. Украиналық сарбаздар арнайы дайындықтан өтеді, соның ішінде Leopard 2 танкісі сияқты жаңа қару-жарақ жүйелерін үйренеді. Боррель ЕО қауіп төніп тұрған аумақтарды минадан тазарту жұмыстарын қолдау үшін 25 миллион еуро бөлетінін айтты.
Ресейлік зымыран Краматорскідегі тұрғын үйге тиді
Украина билігі мәліметінше, ресейлік зымыран Украинаның шығысында орналасқан Краматорскідегі тұрғын үйге тиген. Жергілікті полицейлер шамамен үш адам қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алғанын мәлімдеді.
"Шамамен сегіз тұрғын үй қираған. Олардың бірі толық жойылды", - делінген полиция хабарламасында.
Ресей әскері Бахмутты қоршап алғанын мәлімдеді
Ресей әскері Украинаның шығысындағы Бахмут қаласын қоршап алды. Бұл туралы Донецк облысының (ДХК) көмекшісі Ян Гагин мәлімдеді. Ал Украинаның әскери басшылығы Ресейдің Лиман және Бахмут бағыттарындағы шабуыл операциялары әлсіремейтінін мәлімдеді. Бірақ Ресей әскеріне қала үшін шайқаста келетін ауыр шығындар туралы айтты.
"Басқыншылар ауыр шығынға ұшырайды. Бахмутта шабуыл тойтарылды", - делінген Украина Қарулы Күштері Бас штабының есебінде.
Ресейлік басқыншылық жеңілуі керек - Украина президенті
"Ресейлік басқыншылық барлық жерде және барлық нәрседе жеңілуі керек: біздің елде бірде-бір қиранды қалмауы үшін шайқас алаңында да", - деді Зеленский.
Франция Украинаға қосымша артиллерия жібереді
Францияның қорғаныс министрі Себастьен Лекорню Украина қосымша 12 "Цезарь" гаубицасын алатынын мәлімдеді. Бұл Париж құрған 200 миллион еуро қорынан қаржыландырылады. Сонымен қатар, Франция Польшаға айына 600-ге дейін украиналық әскери қызметшіні даярлау үшін 150 әскер жібереді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!