Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Пхеньянда ресейлік өнерпаздардың концертін тамашалады. Бұл мәдени іс-шара екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығая түскенін тағы бір мәрте көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап.
Шығыс Пхеньянның Үлкен театрында өткен салтанатты концертке Ким Чен Ын әйелі Ли Соль Чжумен және Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен бірге келді.
Концертте Ресейдің халық әртісі Лариса Долина, бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты Екатерина Андреева, Мариин театрының солисі Глеб Князев және Осипов атындағы Ресей халық аспаптарының ұлттық академиялық оркестрі өнер көрсетті.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ын ресейлік өнерпаздарға өзі алғыс білдірген. Ел басшысы сахнаға көтеріліп, әртістермен, соның ішінде Лариса Долина және Екатерина Андреевамен қол алысты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz