Жамбыл облысының полициясы Ресей Федерациясының 33 жастағы азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлаған деген күдікке ілінді.
Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреу алдап, 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген. Қылмыскер интернет ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотын бұзған.
"Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес соталды тергеу басталды. Қазір тергеу жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!