Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Тверь облысында жекеменшік Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Бортта 10 адам болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 адамның бәрі қайтыс болды. Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметінше, ұшақта болған жолаушылардың тізімінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің де аты-жөні бар.
"Ұшақта 10 адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың бәрі қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.
Ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Ол Куженкино ауылының маңында құлаған. Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Telegram-дағы каналдарың хабарлауынша, ұшақта "Вагнердің" негізін қалаушы деп аталатын Дмитрий Уткин де болған. Пригожин мен Уткиннің өлімі туралы әзірше ресми ақпарат жоқ. Ұшақ апатының алдын ала себебі ретінде "борттағы теракт" айтылып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!