Ресейдің Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады

Ресейдің Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей ІІМ-нің Азаматтық қоғам институттары және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы мәлімдеді.

"Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасы өтініштегі мән-жай бойынша тексеріс жүргізіп жатыр", - деді ведомство басшысының орынбасары Евгений Артёмов.

Еске салайық, жуырда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізген болатын. 

Кейінірек Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!