Ресейдің жақтастарына қандай санкция салынады? Украинадағы қазіргі ахуал

Украинадағы кейінгі жағдайға шолу Massaget.kz тілшісі материалында.

Украинада 22 миллион тонна астық бұғатталды

"Фермерлеріміздің келесі жылы да жұмысын жалғастыратынына мүдделіміз. Ол үшін мұның бәрін - арпа, бидай, жүгеріні экспорттауымыз керек. Қазір 22 миллион тонна бұғатталды. Күзде шамамен 60 миллион тонна болады деп отырмыз", - деді Украина президенті Владимир Зеленский Киевте Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонмен өткен брифингте.

Оның айтуынша, Украина БҰҰ мен Түркиямен астық экспортын жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

©REUTERS

Украинаның алдында қандай қиындықтар тұр?

Украина қазірдің өзінде жылыту маусымына дайындықты бастауы керек, өйткені ел "қыстың сәтті өтуіне байланысты көптеген қиындыққа тап болады". Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский өзінің бейнехабарламасында мәлімдеді.

"Қазірдің өзінде қысқа дайындалып, энергетика тұрғысынан тыныш өтуі үшін Ресей тарапынан күнделікті қауіп-қатерге қарамастан, бәрін жасауымыз керек", - деді Украина президенті.

Зеленский қазір мектептерді, университеттерді және басқа да оқу орындарын оқу жылына дайындай бастау маңызды екенін айтты.

"Олар жаңа қауіп-қатер жағдайында жұмыс істеуге дайын болуы керек. Соның ішінде, бұл ресейліктердің зымыран соққысына қатысты", - деді ол.

Еуропа Одағы Украинадағы жағдайды қалпына келтіру үшін платформа жасайды

Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Швейцарияның Лугано қаласында Украинаны қалпына келтіру конференциясында платформа инвестициялық қажеттіліктерді анықтау, іс-әрекеттерді үйлестіру және ресурстарды бағыттау үшін қолданылатынын айтты.

©REUTERS

"Соғыс басталғаннан бері Еуропа Одағы қаржылық қолдау ретінде шамамен 6,2 миллиард еуро бөлді. Әлі де болады. Біз орта мерзімді және ұзақ мерзімді қайта құруға белсенді қатысатын боламыз", - деп мәлімдеді ол.

Платформа елдерді, институттарды, жеке секторды және азаматтық қоғамды біріктіреді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, оған Еуропалық Қайта құру және даму банкі және Еуропалық инвестициялық банк сияқты халықаралық ұйымдар кіреді. Фон дер Ляйен Еуропаның жауапкершілігк пен стратегиялық қызығушылығы Украина жағында болу екенін айтты.

Донбасстағы жағдай қандай?

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің түнгі бейнехабарламасында Украина күштері Лисичанск қаласын басып алғаннан кейін Ресейдің алға жылжуына қарсы екенін айтты.

"Кейінгі 24 сағат ішінде ұрыс алаңында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ", - деді ол.

Украинаның Бас штабының мәліметінше, соғыс орталығы батысқа қарай, Луганск облысынан Донецк облысына бағытталған, ал ол Украина әскері Лисичанск қаласынан шығарылғаннан кейін Ресейдің бақылауында екенін айтты.

 ©REUTERS

Бас штаб мәліметінше, қазір ресейлік әскер Донецк облысындағы Северск, Веревка және Бахмут қалаларына қарай ілгерілеп бара жатыр.

Украинаның Луганск губернаторы Сергей Гайдай украиналық күштер қазір Славянскідегі бекінісінен оңтүстікке қарай 45 шақырым жердегі Бахмутқа дейін қорғаныс сызығын ұстап тұруға көңіл бөлетінін айтты. Ал Ресей Славянск пен көршілес Краматорск қаласын атқылауды күшейткен.

Жылан аралындағы жағдай қандай?

Украинаның туы тікұшақпен Қара теңіздегі Жылан аралына жеткізілді. Украинаның оңтүстік әскери қолбасшылығының өкілі Наталья Гуменюктің айтуынша, Украина әскері оралған кезде ту көтеріледі.

©REUTERS

"Аймақ Украинаның юрисдикциясына қайтарылды", - деді Украина әскери өкілі.

Ресейдің жақтасына қандай санкция енгізіледі?

Ұлыбритания 5 шілдеде Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған Беларусьқа жаңа экономикалық, сауда және көлік санкцияларын енгізетінін айтты. Шамамен 60 миллион фунт стерлинг мөлшеріндегі тауарды импорттауға және экспорттауға тыйым салынады, оның ішінде мұнай өңдеу өнімдері, озық технологиялар мен сәнді тауарлар экспорты, сонымен қатар, шойын мен болат импорты да бар. 

©REUTERS

Херсон облысында жаңа үкімет жұмысқа кірісті

Ресей үлгісі бойынша құрылған Херсон облысының үкіметі жұмысқа кірісті. Бұл туралы әскери-азаматтық әкімшіліктің Telegram-арнасында айтылған.

РИА Новости

"Херсон облысы ресейлік үлгі бойынша басқарылады. Херсон облысының жаңадан құрылған үкіметі 5 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды", - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын үкіметті Калининград облысының бірінші вице-премьері болған Сергей Елисеев басқарғаны белгілі болды. Херсон облысының басты әкімшілік тұлғасы әскери-азаматтық әкімшіліктің басшысы Владимир Сальдо болып қала береді, ал Елисеев оның бірінші орынбасары болды.