- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейдің "ессіз" тактикасына...
Ресейдің "ессіз" тактикасына қарамастан, алдыңғы шеп өзгермейді - Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский соғыстағы қиын майдан шептерін атады. Сондай-ақ, Херсон облысы тұрғындарының басым көпшілігі үйін тастап кеткен. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі ахуалға шолу жасады.
Ресейдің "ессіз" тактикасына қарамастан, алдыңғы шеп өзгермейді - Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский бейнеүндеуінде Украина күштері ресейлік шабуылдарға, соның ішінде Донбасстың кейбір аудандарындағы қақтығыстарға қарсы тұратынын мәлімдеді.
"Майдан шебіндегі жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ. Ең ауыр шайқастар Донецк облысында, Бахмут пен Авдеевка қалаларына қарай жүріп жатыр", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Зеленский Ресей әскері үнемі Бахмут қаласын басып алуға тырысып жатқанын, бірақ барлық әрекет сәтсіз аяқталғанын айтты.
"Дәл осы жерде Ресей қолбасшылығының ақылсыздығы айқын көрінеді. Бірнеше ай бойы олар артиллериялық соққыларды ең жоғары деңгейге шоғырландырып, адамдарды өлімге айдады. Біз майдан бойындағы позициямызды нығайтып, басқыншылардың мүмкіндіктерін азайтып, олардың логистикасын жойып, Украина үшін жақсы жаңалықтар дайындап жатырмыз", - деді Украина президенті.
Херсонда шамамен 70 мың адам үйін тастап кетті
Херсон облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы Владимир Сальдо бір апта ішінде Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысындағы үйлерінен кем дегенде 70 мың адам кеткенін хабарлады.
"Өткелдер ұйымдастырылғаннан бері бір аптада 70 мыңнан аса адам кеткеніне сенімдімін", - деді ол аймақтық телеарна эфирінде.
АҚШ Ресейдің Молдоваға ықпал етуге қатысы бар адамдарына қарсы санкция енгізді
Америка Құрама Штаттары Молдовадағы Ресейдің "ықпал ету науқанына" қатысқан жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкция енгізді. Санкцияға ұшырағандардың арасында Вашингтон "Молдова Үкіметінің негізгі секторларын, соның ішінде құқық қорғау, сайлау және сот секторларын" манипуляциялады деп айыптаған Владимир Плахотнюк те бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова