Ресейдің екі азаматы ұшақ бортында темекі шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәскеу-Астана бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Scat әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушыны ұстады.
Өтініш берушінің айтуынша, ер адамдар әуе кемесінің бортында ұшу кезінде электрон темекі шеккен және бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған.
Көлік полицейлері тексеру кезінде 36 және 46 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматының мас екенін анықтады. Олар медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша "жеңіл" дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу"), 441-баптың 1-2-бөлігі ("Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну") бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысына 55 айлық есептік көрсеткіш (189 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!