Кремль Ресейдің Рязань және Саратов облыстарындағы екі аэродромда болған жарылысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды euronews.com.
Басылым мәліметінше, біріншісінде өрт шығып, екіншісіне дрон құлаған. Жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тапқан.
Бұл әскери нысандарда Ресейдің арнайы бомба тастайтын ұшақтары орналасқан. Сонымен қатар, Ресей тарабы Рязань және Энгельс аэродромдарынан Украина аумағына тұрақты шабуылдар жасауға дайындалған.
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин оқиға туралы хабардар екенін айтты.
"Әрине, президент барлық болып жатқан жайт туралы үнемі хабардар болып отырады", - деді Песков телефон арқылы берген сұхбатында.
Ресей қорғаныс министрлігі әуе базаларына украин әскерилері шабуыл жасағанын хабарлады.
"5 желтоқсанда таңертең Киев ресейлік ұшақтарды істен шығару үшін Рязань облысындағы Дягилево және Саратов облысындағы Энгельс әскери аэродромдарына кеңестік реактив пилотсыз ұшатын аппараттармен соққы жасауға әрекеттенді", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі пилотсыз ұшақтардың Ресей Аэроғарыш күштері арқылы ұсталғанын, ал адамдар техниканың "құлаған қалдықтарынан" зардап шеккенін түсіндірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!