Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі жұмыртқа бағасына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі "1 мамырдан бастап Ресей Федерациясынан жұмыртқа өнімін әкелуге тыйым салынады. Қазір жұмыртқа бағасы онсыз да қымбат, бұл өзгеріс одан әрі қымбаттатып жібермей ме?" деп сұрады.
"Қазіргі таңда жұмыртқа бағасы (еск -10 данасы) 500 теңгеден жоғары болып отыр. Бұл баға нақты түрде сақталады. Өйткені мамырдан бастап жеке шаруалардан да жұмыртқалар келе бастайды. Жалпы, сол кезеңде құс фабрикалардың өнімдері өтпей жатады, сол себепті бірінші мамырдан бастап жарты жыл аралығында шектеу қойып отырмыз. Ол жерде баға көтерілмейді, қажетті қолдау бар. Сондықтан жұмыртқа бағасы көтерілмейді", - дейді Ауыл шаруашылығы министрі ОКҚ-да.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей тарапы Қазақстанға сауда желілеріне тауық жұмыртқасын жеткізуді ұлғайту туралы өтінішпен жүгінген еді.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!