- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейден келген қауіпті...
Ресейден келген қауіпті шегірткелер Атырауды жайлап жатыр
Фото:
Көрнекі сурет latmap.lv
Ресейден келген қауіпті шегірткелер Атырау облысындағы Құрманғазы, Исатай, Махамбет аудандарына да жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір зиянкес италиян прусы шегірткесі Индер ауданына қарасты Көктоғай, Өрлік, Есбол Елтай ауылдарын жайлап жатыр. Мамандар әзірге егіндік немесе шабындық жерлерге қауіп төніп тұрмағанын айтады. Дегенмен Атырау облысында шегірткеге қарсы күрес үшін, 28 200 гектар жер химиялық өңдеуден өтеді.
Қазір Құрманғазы және Исатай аудандарында италиялық шегірткеге қарсы 5600 гектар жер толықтай өңдеуден өтті. Қалған 22600 гектар жерге азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек