- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейден Қазақстанға өтетін...
Ресейден Қазақстанға өтетін пункттерде автокөліктер саны 20 пайызға өсті
Ресейден Қазақстанға өткізетін пункттерде автокөліктер кезегі байқалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына өтетін жеңіл автокөліктер саны 20 пайызға өсті. Осыған байланысты Қазақстанға кіреберістегі Ресеймен шекараның кейбір учаскелерінде көліктердің жиналуы байқалады", - деді ведомство өкілдері.
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көліктер кезегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстанға көшіп келушілер санының көбеюіне байланысты ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ресми түрде мәлімдеме жасағанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек