Ресей Федерациясынан әкелінген 252 мың дана жұмыртқа елге кіргізілмеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, ветеринариялық құжаттарсыз 252 мың дана жұмыртқа кіргізудің жолы кесілген.
Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері "Жайсаң" ветеринариялық бақылау бекетінде Ресейден Байқоңыр қаласына бағыт алған көлікті тексеру барысында ветеринариялық құжаттар жоқ екенін анықтаған.
"Осы құқықбұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз