- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейден Қарағандыға тауар...
Ресейден Қарағандыға тауар "жеткіземін" деп елді алдаған алаяқ қолға түсті
Ресейден Қарағандыға тауар "жеткіземін" деп елді алдаған алаяқ қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне алаяқтың құрығына түсіп, алданып қалған жеке кәсіппен айналысатын екі азаматшадан арыз түсті. Белгілі болғандай жәбірленушілердің азық-түлік сататын (біреуінде Қарағанды, екіншісінде Абай) сауда нүктелері бар. Жәбірленушілер сауда-саттығын жүргізу мақсатында тауар алмақшы болып, әлеуметтік желілердің бірінен Ресей Федерациясынан тиімді бағаға тауар жеткіземіз деген хабарламаны көрген.
Сол хабарламадағы ақпараттар арқылы жәбірленушінің бірі белгісіз азаматтың есеп –шотына 1 миллион 100 мың теңге ақша аударса, екіншісі 2 миллион 800 мың теңге қаражат жіберген. Келісім бойынша тауар былтырғы жылдың желтоқсан айында келу керек болған. Алайда, арада ай өтседе тауар келмей, жәбірленушілер алданғандығын біліп, полицияға арызданды.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Бұл дерекке байланысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері барысында күдікті азаматшаның осыған ұқсас тағы да 4 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина