- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейден экстрадицияланды: ер...
Ресейден экстрадицияланды: ер адам 4,3 миллиард жымқырды деген күдікке ілінген
Ресейден аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдікті экстрадицияланды.
Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астанада премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 миллиард теңгеден астам сомаға 200-ден аса үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды.
Былтыр қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары былтыр жыл аяғында ұсталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек