- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейден бірнеше оқушы...
Ресейден бірнеше оқушы елге қайта алмай қалған
Мәскеу әуежайында қалып қойған қазақстандық оқушыларға қатысты оқиғаны еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева қолға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Ресейлік әріптестерімен, лагерь директорымен байланысқан ол оқушылардың кері қайту билеті мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. Жуырда жазғы лагерь аясында Алматыдан Санкт-Петербургке, экскурсияға барған қазақстандық балалар Ресей шекарашыларының тым ұзақ әрі біржақты тексеруіне байланысты Мәскеу арқылы ұшатын рейске үлгермей қалған еді. Балалар ересек жетекшімен бірге әуе көлігі көкке көтерілуге 20 минут қалғанда келген.
Алайда "Аэрофлот" әуе компаниясы оларды бортқа өткізуден бас тартып, жаңа билет сатып алуға кеңес берген. Қазақстаннан барлығы - 17 адам экскурсияға аттанған, оның 8-і – 11 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар.
"Мәскеуде түйісетін рейс болды. Неге екені белгісіз, құжаттарымызды ұзақ тексерді. Сосын терминал ауысып, қайтадан тексерістен өттік. Бізді өте мұқият тексерді. Отырғызу уақыты басталғанда "бізге тезірек өту керек" дедім. Осыдан кейін әрқайсымыздың сөмкелерімізді жеке-жеке қарап шықты. Осыған байланысты ұшуға 20 минут қалғанда ұшу есігіне келдік. Бірақ бізге "кешігіп қалдыңыздар" деді. Оқиға осылай болды. Бір жағынан, бәрі заң аясында жүрді. Ешкім кінәлі емес. Екінші жағынан, балалар зардап шекті", - дейді "Романтик" лагерінің директоры Александр Шевченко.
Турға қатысушы Екатерина Милова да пікір білдірді.
"Біздің кезек 17 адамнан құралған топтан тұрды. Яғни біз еш уайымсыз келгенімізде алдымыздағы есікті жауып тастады. "Өтпеңіздер" деді. Отыратын орындық та болған жоқ. Амалсыздан жерге жатып, кезегімізді күттік. Бірақ алдымызда ешкім болған жоқ. Соның салдарынан оқушылар әуежайда 6 сағат күтуге мәжбүр болды", - деді ол.
Осы уақытта ата-аналар балаларды Санкт-Петербургке жеткізіп салатын автобус жалдайды. Ресейлік әуекомпаниясы оқушылардың Қазақстанға қайтатын билетінің күшін жойып жіберген. Ішкі ережеге сәйкес, бір броньмен алынған билеттер алғашқы рейске кешіккенде автоматты түрде жойылады екен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек