Ұлттық валютаның шығуына ықпал еткен Ғалым Байназар "Алғашқы" бағдарламасында Үкіметтің теңгені енгізуге қарсы болғаны туралы айтты,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалым Байназар ұлттық валютасыз экономиканы басқара алмайтынын бұрыннан білген.
"Бізде қорқыныш болмады. Қайта тезірек енгізгіміз келді. Себебі экономика құлап жатты. Сосын Назарбаевқа "біз дайынбыз, сіз бен Үкімет дайын болу керек" деп айттым. Бірақ Үкімет рубль зонасынан шыққысы келмей, Ресейден айырылғысы келмеді. Сол үшін де Ұлттық валютаны кіргізгісі келмеді", - деді ол.
Оның айтуынша, ұлттық валютаны санаулы адам ғана жасаған.
"Ұлттық валютаны жасағандардың ішінде орынбасарым Мерсұлтан Тұрсынов, Есет Қожамұратов, үшеуміз болдық. Ұлттық валютаны енгізген соң үш күннің ішінде айырбастауды жасадық. Сонда біздің командада 7 мыңдай адам жұмыс істеді. Осы еңбегіміз үшін бір медаль алмадық", - деді Ғалым Байназар.
Еске салайық, бұған дейін Қазақша туризм: 20 000 теңге Қазақстанның қай қаласын аралауға жететіні туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шәкәрім қалай, қашан ақталды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!