Оралда Ресейден әкелінген қызанақтардан қоңыр қатпарлы вирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Қаладағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 26 қаңтарда Ресей Федерациясынан жеткізілген 1 тонна қызанақтан вирус анықтады.
Өнімдерді карантиндік фитосанитариялық бақылаудан қайта өткізгенде қызанақта қоңыр қатпарлы вирус (ToBRFV) бары белгілі болды.
Қазақстанға карантинге жатқызылған өнімді әкелгені үшін инспектор тапсырыс берушінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабы бойынша хаттама толтырып, барлық материалды сотқа жіберді.
Биыл 12 ақпанда сот шешімімен өнім алушы кінәлі деп танылды. Оған 77 532 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ресейден әкелінген 1 тонна қызанақ арнайы белгіленген аумақта өртелді.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз