Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды

Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды
Фото: vologda.sledcom.ru

Ресейдегі металлургия комбинаты аумағында екі қазақстандық қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі - Череповец металлургия комбинатының өндіріс алаңында болған.

"14 қаңтарда ЧерМК өндіріс алаңы аумағынан мердігер ұйымдардың екі қызметкері өлі табылды. Қазір өлімнің себептері анықталып, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деп жазылған "Северсталь" компаниясының хабарламасында.

Вологда облысы бойынша РФ Тергеу комитеті мәліметінше, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, болған жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget