Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлады. Салдарынан 9 қабатты үй өртеніп, қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ейскіде ТЖМ құтқарушылары үйінділерді қарағаннан кейін ұшақ апатынан қаза болғандардың денелері табылды. 18 қазанда сағат 06:00-дегі жағдай бойынша, апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде үш бала бар. 19 адам жарақат алды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасына жеткізілді, қалғандары Ейскіде емделіп жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажет медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Ресей ТЖМ өкілдері үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, ал 10 адамның денесі кейінірек үйінді астынан табылғанын түсіндірді.
"Ейскідегі іздестіру-құтқару операциясы кезінде 68 адам құтқарылды, оның ішінде автосаты көмегімен 360-тан аса адам эвакуацияланды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өкілдері Оңтүстік әскери округтің әскери аэродромынан оқу-жаттығу барысында биікке көтерілген Су-34 ұшағы апатқа ұшырағанын айтқан болатын.
"Ейск қаласында ұшақ құлады. Апатқа ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірінің өртенуі себеп болды. Су-34 құлаған жерде, тұрғын аудандардың бірінің ауласында ұшақтың жанармайы өртенді", - делінген әскери ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!