"Вагнер" жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ростов қаласын бақылауына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ және Telegram-арналар Оңтүстік әскери округтің штаб-пәтерінде Ростов-на-Донуда түсірілген "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің видеосын жариялады. Ол видеода Қорғаныс министрінің орынбасары Юнуус-Бек Евкуровпен келіссөздер жүргізіп жатыр.
"Біз осында келдік. Бас штаб пен Шойгумен кездескіміз келеді. Олар жоқта Ростов қаласын бақылауымызға алып, Мәскеуге аттанамыз", - дейді Пригожин видеода.
Сонымен қатар, Евгений Пригожин "әскердің жартысы олармен баруға дайын екенін" және Ростовтағы барлық әскери нысан олардың бақылауында екенін айтты.
Ростов облысының губернаторы Василий Голубев өзінің Telegram арнасында Дондағы Ростовта осы демалыс күндері жоспарланған барлық жаппай іс-шаралар тоқтатылғанын жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!