Ресей президенті Владимир Путин бірқатар заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресей президенті Владимир Путин соғыс жағдайын бұзғаны үшін 30 тәулікке қамауға алу туралы заңға қол қойды. Сондай-ақ, маршруттық карта болмаған кезде жолаушылар көлігін ұстау мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар, ол ауыр қылмыс жасағандарды қоспағанда, сотталғандарды келісімшарт бойынша қызметке шақыру мүмкіндігі туралы заңға қол қойды. Заң бойынша әскерге жарамды азаматтар мобилизация және соғыс уақытында Ресей Федерациясының қарулы күштерімен келісімшарт жасай алатыны айтылды.
Кейінірек Путин Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы келісімшарт жасасқаннан кейін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы заңға қол қойды.
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев қазіргі қарулы көтерілісті елдегі билікті басып алуға бағытталған, жақсы ойластырылған және жоспарланған операция деп атады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!