Ресейдің Ульяновск облысы Николаевск ауданында болған жол апатында қаза болған 16 адамның 14 қырғызстандық екенін анықталды, - деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жүк көлігі тоқтап тұрған шағын автобусты соққан. Салдарынан ол екі жүк көлігінің арасында қалып қойған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты, оның 14 - қырғызстандық, екеуі -ресейлік. Ауруханаға жатқызылған үш адамның азаматтығы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Қырғызстан елшілігі қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккен азаматтар үшін "жедел желі" ұйымдастырды: +7 (926) 861 50 98