Ресейдің Ижевск қаласындағы атыс салдарынан тоғыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы №1 республикалық аурухананың бас дәрігері Александр Шаклейн мәлімдеді, - деп хабарлайды RT және РИА Новости басылымдары.
"16 баланың тоғызы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр", - деді бас дәрігер.
Baza Telegram-арнасының мәліметінше, Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан 17 адам қаза тапқан. Қаза тапқандардың 11-і бала.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!