- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ресейде уын шашып...
"Ресейде уын шашып тұрады". Қазақстанда жүрген ресейлік ХҚО жұмысына тәнті болды
Ресей азаматы қазақстандық ХҚО-дағы қызмет көрсету сапасына тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Желіде тарап кетті.
Ресейлік азамат Қазақстанға бір жыл бұрын келген. Ол мұндағы Халыққа қызмет көрсету орталығына және көші-қон қызметіне барған кездегі оқиғасын айтып берді.
"Мен Қазақстаннан шок болып отырмын. Не болып жатқанын да түсіне алар емеспін. Бұл жерде жүргеніме бір жыл болды. Егер Ресейде салық инспекциясына қандай да бір құжаттарды, декларацияны тапсыруға, өтініш жазуға бардың делік. Саған "нәжіске" қарағандай қарайды. Күзеттен бастап құжаттарды қабылдайтын әйелге дейін "Не керек саған? Қағаздарыңды әкел, бұл емес, ал түбіртек қайда?" деп тәкаппарланып қарап, уын шашып тұрады. Өзіңді қорланғандай сезінесің. Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келсем, ондағы әйел "Сізге не керек еді?" деп сұрады, "Осындай форма керек еді" деп ем, "Қазір бір секунд, сізге қазір бәрін әкеліп беремін, қазір бәрін істеймін" деп жүгіріп жүріп әкеліп берді. Қалай мұншалықты мейірімді болуға болады? Түсіне алар емеспін. Тәнті болып отырмын.
Бұған дейін көші-қон қызметіне бардым. Бір күнге кешігіп бардым. Ғимаратқа кірсем, күзетші отыр екен. "Сізге не керек еді? Қалай көмектесе аламын?" деді. "Бұл кабинеттегі адамдар әлі келмеді, бір сағаттан соң кел" деп, қазбалауға емес, көмектесуге келген. Адамдардың мұншалықты мейірімділігіне үйрене алар емеспін", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан