Новосібір облысында "Орал авиакомпаниясының" ұшағы апат жағдайында жерге қонды. Оның бортында қазақстандықтар да болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Убинское ауданына қонған борт Сочи-Омбы бағыты бойынша ұшқан. Нақтыланған мәліметтер бойынша бортта 167 адам болған.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, әуе кемесі дабыл қағып, ал кейін радардан жоғалып кеткен. Сондай-ақ, ешкім зардап шекпегені айтылды.
"Ұшақ бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23-і - бала, 6 адам - экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ресейлік БАҚ-та.
Baza Telegram-арнасының ақпаратына сүйенсек, ұшақта Қазақстанның төрт азаматы болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!