- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейде күш құрылымдарымен...
Ресейде күш құрылымдарымен атыс кезінде екі қазақстандық қаза тапты: СІМ пікір білдірді
Ресей ФҚҚ Мәскеудегі синагогаға жасалатын шабуылдың алдын алу операциясы кезінде екі қазақстандық қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ASTRA басылымына сілтеме жасап.
Ресей қауіпсіздік күштері террорлық шабуылдың жолы кесілгенін хабарлады. "Вилаят Хорасан" тобының (Ислам мемлекетінің тармағы) екі мүшесі Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуыл жасауды жоспарлаған. ФҚҚ мәліметінше, жоспарланған терактіні арнайы қызметтің жедел қызметкерлері анықтап, қауіпсіздік күштері оны жасағандарды Калуга облысындағы жеке үйлердің бірінде анықтаған. Тұтқындау кезінде күдіктілер қарсылық көрсет кеткен, салдарынан ФҚҚ оларға жауап ретінде оқ жаудырған.
"7 наурызда таңертең Коряково ауылында ФҚҚ мен күдікті исламшылар арасында атыс болды", деп хабарлады ASTRA ақпарат көзі. Нәтижесінде лаңкестік әрекетке дайындалып жүрген екі күдікті - Қазақстандық ер адамдар, 35 жастағы Сәбит А. және 32 жастағы Жәнібек Т. өлтірілді. Күш құрылымдарының мәліметінше, олар Ресейге биыл 28 ақпанда келген.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтары екені және Ресейге шыққаны расталады. Көрсетілген дерек бойынша ҰҚК соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Жеке үйге жасалған рейдтен кейін қауіпсіздік күштері Макаров тапаншасын, Калашников автоматын және ФҚҚ қызметкерлері жарылғыш құрылғыларды жасауға арналған заттарды тапты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек