Құрылыс компаниясында краншы болып жұмыс істеген түмендік 32 жастағы танымал блогер Эльвира Демидова жұмыс орнында қаза тапты. Тиктокер жұмыс істеген кран қатты желдің салдарынан құлаған, - деп хабарлайды lenta.ru.
Басылым мәліметінше, оқиға Түмендегі Республика көшесінде орналасқан өндірістік базада болған. Бетон конструкцияларын тиеп жатқан кран қатты желдің салдарынан аударылып қалған. Тергеушілер Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 2-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс немесе өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғады.
32 жастағы Демидова TikTok аккаунтында жұмысына қатысты әзіл видеоларын жариялап тұрған. Блогердің парақшасына 40 мың адам жазылған. Әйелдің екі баласы бар.