Ресейдің Самара облысындағы Самара - Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азаматы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты туралы ақпарат 5 қаңтарға қараған түні түскен. Апат салдарынан жеті қазақстандық зардап шекті, екеуі қайтыс болды, олардың мәйіті Қазақстанға жеткізілді.
7 қаңтар күні таңертең зардап шеккен жеті адам, оның ішінде екі бала жедел жәрдеммен Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілді.
Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.
Бұл операцияға төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Оралдан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!