Ресейде қазақстандық жұмысшылар отырған автобус жол апатына түсті

Ресейде қазақстандық жұмысшылар отырған автобус жол апатына түсті

Челябі облысында Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан, ішінде жұмысшылары бар автобус аударылды, - деп хабарлайды Накануне.RU.

Жол апаты бүгін таңертең Күнашақ ауданы аумағында, Екатеринбургке қарай баратын жолдың 85-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қар жауып, жүргізуші автобусты оң жақ шұңқырға аударып алған. 13 адам зардап шекті. Олар Челябинск, Күнашақ және Кастлин аудандарының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Автобуста 22 жолаушы болған. Олар Қостанайдан Екатеринбургке вахталық әдіспен жұмыс істеуге бара жатқан", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілі.

Автобусты 12 жылдық жүргізуші тәжірибесі бар Екатеринбург тұрғыны тізгіндегені анықталған. Ол жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова