Ресейде Санкт-Петербургте 10 мамырда жолаушылар мінген автобус жеңіл көліктермен соқтығысып, салдарынан автобус су астына кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәртіп сақшыларының алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай кезінде көліктің ішінде 20-ға жуық адам болған.
Ресейлік БАҚ-та жариялаған видеоға қарағанда, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көліктермен соқтығысып, көпірден Мойка өзеніне құлаған.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бірнеше құтқарылғандар мен қаза тапқандар туралы хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!