Ресейде ер адам сүйіктісін ыдыспен ұрып, өлтіре жаздаған

Ресейде ер адам сүйіктісін ыдыспен ұрып, өлтіре жаздаған. Жәбірленуші нейрохирургия бөлімшесіне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

SHOT телеграм-арнасының мәліметінше, 60 жастағы Дмитрий таңғы ас кезінде азаматтық некедегі зейнеткер әйелімен сөзге келіп қалған. Әйелі одан аз ішуін өтінген. Әлі есін жия қоймаған ер адам қайнап тұрған ыдысты алып әйелді ұра бастаған. 

Жәбірленуші қашып, ауруханаға жеткен. Дәрігерлер оған бас және иық жаралары, контузия және мұрын сынуы диагнозын қойды. Зейнеткерге тігіс салынып, ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!