Ресейде Екатерина Биволға қатысты шешім қабылданды

Ресей соты Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволға міндетті жұмыс түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Ресейдің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Соттың Telegram арнасы мәліметінше, Екатерина Биволға 60 сағаттық міндетті жұмыс тағайындалған. Лингвистикалық сараптама оның сөздерінде қорлау мәніндегі, балағат сөздер бар екенін көрсеткен.

Еске салайық, жуырда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізген болатын. 

Кейінірек Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты. 

Сонымен қатар, Ресейдің Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!